Өнімділік пен сенімділік

20.02.2025

Компания техникалық паркін жаңарту мақсатында инвестиция салуды жалғастыруда. Биыл Hitachi EH3500AC ауыр жүк көліктерінің 5 бірлігін алу жоспарланса, оның екеуі қазірдің өзінде «Богатырь» кенішінің Аршу кешенінде тау жыныстарын тасымалдап жүр.

Компаниямызда бұған дейін де Hitachi маркалы 5 автотүсіргіш жұмыс істеп жүргені белгілі, бірақ олардың жүк көтергіштігі 96 тонна болатын, ал жаңа карьерлік автотүсіргіштердің жүк көтергіштігі шамамен екі есеге артық және 180 тоннаны құрайды. Технологиялық көлік басқармасы оларды кәсіби шеберлігі жоғары, тәжірибесі мол жүргізушілерге сеніп тапсырды.

Hitachi EH3500AC автотүсіргіштері ауыр жағдайларда тиімді жұмыс істеу үшін жасалынған және сенімділігімен, жоғары өнімділігімен, операторларға арналған қолайлы жұмыс жағдайларымен ерекшеленеді. Автоматтандырылған беріліс қорабы жүргізушілердің жұмысын жеңілдетіп, басқаруды барынша ыңғайлы етеді.
Жаңа техникаларды пайдалануға енгізу арқылы «Богатырь Көмір» ЖШС Қазақстанның көмір өнеркәсібіндегі көшбасшылық орнын одан әрі нығайта түседі.


Жаңалықтар тізіміне оралу