Мамандыққа жол

19.02.2025

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жеке құрамды басқару бөлімі Екібастұз қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен кездесулер өткізіп келеді. Бұл шараның басты мақсаты – жастарды компанияның қызметімен, жұмыстағы мүмкіндіктерімен таныстырып, оларды болашақта кәсіпорында еңбек етуге шақыру.


2025 жылдың 19 ақпанында Қосым Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінде «Тартқыш жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2 курс студенттері үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Болашақ теміржолшылар ең алдымен «Богатырь» кенішінің көру алаңына барып, көмір өндіру үдерісімен танысты. Одан кейін олар «Богатырская» ЖҚД барып, депо бастығы Сәкен Байжановпен кездесті. Кездесу барысында студенттерге өздері меңгеріп жатқан мамандықтың маңызы мен кәсіпорындағы рөлі туралы жан-жақты түсіндірілді.

Қонақтар өндірістің ауқымдылығына таңданыс білдіріп, түрлі сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді. Осындай кездесулер жастардың жұмысшы мамандығына деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беруге үлкен ықпал етеді.


Жаңалықтар тізіміне оралу