Конькимен өрнек салғандар
16.02.2025
Мұз жарғыштар бүгін «Промсервис-Отан» ЖШС хоккей кортында мұз бетіне өрнек салды. Бұл жерде компания қызметкерлері арасында конькимен жүгіруден жарыстар өтті. Ерлерге – 3 айналым, әйелдерге – 2 айналым жылдамдыққа еңсеру міндеті тұрды.
Жарыстың тіпті қыздыру кезеңі де әсерлі болды, өйткені қатысушылардың қатарында әуесқойлар ғана емес, кәсіби хоккейшілер де бар еді. Олар мұзда бірнеше күрделі элементтерді орындап, шеберліктерін паш етті.
Жарысқа қатысушылар жоғары жылдамдықпен бұрылыстарға кіре білді. Кейбіреулері құлап, қайта тұрып, күресті жалғастырды. Ең үздік нәтижені Рүстем Өтепбергенов көрсетті. Ол қашықтықты жүріп өту кезінде тіпті бэквард (артымен алға сырғанау) жасап, рекордтық 51 секундта мәреге жетті.
– Мен арнайы бұрылуды жоспарлаған жоқпын, кенеттен сырғанап кеттім де, құлап қалмас үшін форвардтан бэквардқа және қайта кері ауысуға тура келді, – деп бөлісті кенші.
Жарыс нәтижелері келесідей бөлінді:
ЕРЛЕР
18-29 жас:
1 орын – Рүстем Өтепбергенов, ТЖЖЖД.
2 орын – Владимир Мазурин, «Богатырь» кеніші.
3 орын – Айтуар Төлен, Коммерциялық дирекция.
30-39 жас:
1 орын – Юрий Михайлов, «Богатырь» кеніші.
2 орын – Еркен Рақышев, БЖКБ.
3 орын – Сергей Головлин, «Богатырь» кеніші.
40-49 жас:
1 орын – Ильдар Мулламухаметов, «Богатырь» кеніші.
2 орын – Вячеслав Жихарев, БЖКБ.
50 жас және одан жоғары:
1 орын – Евгений Головаш, «Богатырь» кеніші.
2 орын – Сергей Куртуков, БЖКБ.
3 орын – Вадим Филиппов, БЖКБ.
ӘЙЕЛДЕР
30-39 жас:
1 орын – Айжарық Хуанған, ТКЖЖ зауыты.
40-49 жас:
1 орын – Гүлзана Жихарева, БЖКБ.
2 орын – Светлана Задорина, «Богатырь» кеніші.
50 жас және одан жоғары:
1 орын – Валентина Муллина, КҚД.
2 орын – Алтынай Омарбекова, Атқарушы аппарат
3 орын – Елена Нападовская, БЖКБ.