Волейбол мықтылары

16.02.2025

«Богатырь Көмір» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің командалары арасында волейболдан қорытынды жарыстар, бүгін, 16 ақпанда өтті. Компанияның спорттық-сауықтыру кешенінде Технологиялық көлік басқармасы (ТКБ), Автобаза және «Богатырь» ЖҚД волейболшылары кездесті.

Ойыншылар қатарында басшылар да болды. Бұл салауатты өмір салты мен командалық рухты қолдаудың тамаша үлгісі. Дегенмен, ойын нәтижесі спортшылардың дайындығына тікелей байланысты болды.

ТКБ командасы қарсыластарын екі рет ірі есеппен жеңіп, жарыстың «алтынын» иеленді. Күміс жүлде Автобаза командасына бұйырды. Ал үшінші орын «Богатырь» ЖҚД командасына тиесілі болды.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу