«Снежинка»-дағы демалыс

15.02.2025

«Богатырь Көмір» компаниясы қызметкерлеріне жағымды, ұмытылмас әсерлер мен жарқын көңіл күйге толы қысқы демалыс сыйлады!

Бүгін, 15 ақпан күні, Жеке құрам дирекциясы мен біріккен жастар қозғалысының белсенділері «Снежинка» тау-шаңғы базасына саяхат ұйымдастырды.
Күннің ашық әрі жылы болғанына қарай демалыс ұзақ және қызықты өтті. Кеншілер мен олардың отбасылары тюбинг, шана, шаңғы, сноуборд, снегокат, қарда жүретін мотоцикл тепті.
Келесі «Снежинка» тау-шаңғы базасына сапар 22 ақпанда жоспарланып отыр.
Өздеріңізбен бірге қолма-қол ақша алыңыз – базада интернет әлсіз болуы мүмкін.
Ыстық шай мен жеңіл тіске басар алып шығыңыз – аумақта кафе мен асхана жоқ.
Маңызды ақпарат
Ауа райының қолайсыздығына байланысты сапар кейінге қалдырылуы мүмкін!


Жаңалықтар тізіміне оралу