Желаяқ кенші
11.02.2025
Александр Подлесный – жеңіл атлетикадан ҚР чемпионы!
Біздің әріптесіміз, №1 ӨЖУ-нің экскаватор машинисі Александр Подлесный жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатында Павлодар облысының намысын лайықты қорғай алды!
Чемпионатта ол 50-54 жас санатында жарысқа түсіп:
400 м қашықтықта – алтын,
200 м қашықтықта – күміс,
800 м қашықтықта – қола медаль жеңіп алды
Сонымен қатар, Александр Подлесный Павлодар облысының құрама командасы сапында 4×400 м эстафетасында – алтын,
4×200 м эстафетасында – күміс медальға қол жеткізді.
Құттықтаймыз! Болашақта да жеңісті жарыстар көп болып, жаңа спорттық белестерді бағындыруды тілейміз!