Тоғызқұмалақ

10.02.2025

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің спорттық-сауықтыру кешенінде кезекті жарыс-тоғызқұмалақтан өтті.  Оған кәсіпорнымыздың түрлі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.


Адамның ой-өрісін дамытып, шынықтыратын қазақтың ұлттық ойынына богатырьлықтардың қызығушылық танытатыны қуантады. Қатысушылардың барлығы дерлік бұл ойынмен мектеп жасында танысқан екен.


«Ойын өте ұнайды, мұнда миды жұмыс істетіп ойлау қажет, жеңіске жету үшін стратегиялық түрде ойлап, тиімді жүріс жасау керек. Қарсыласыңның сәл ғана қателігін өз пайдаңа шешуге тырысуға тиіссің. Ойлау қабілетін дамыту жұмысқа да септігін тигізетінін айтқым келеді»,-деп атап өтті қатысушылардың бірі, Күрделі құрылыс дирекциясының жетекші инженері Дарья Репникова.

4000 жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ жарысында жүлделі орындар былай бөлінді:


Әйелдер арасында:

1 орын – Магинур Латыпова (БЖКБ),

2 орын – Дарья Репникова (КҚД)

3 орын – Айжарық Хуанған (ТКЖЖ зауыты)

Ерлер арасында:

1 орын – Чингиз Сүлейменов (ТЖЖЖД)

2 орын – Жанболат Әміров («Богатырь» кеніші)

3 орын - Манас Жұмабеков, Ерболат Булкенов ( екеуі де «Богатырь» кенішінен)


#ССК #тоғызқұмалақ #жарыс #SamrukEnergy # Rusal #БогатырьКөмір #Богатырькеніші #Солтүстіккеніші #көміршілер #энергетиктер


Жаңалықтар тізіміне оралу