Викторина жеңімпазы

08.02.2025

1-13 қаңтар аралығында әлеуметтік желідегі Bogatyr.kz парақшасында «Көмір алыбын тап» деп аталған сайыс жарияланған болатын. Оның шарты бойынша қатысушылар қандай да бір техника немесе жабдықтың суретте бейнеленген бөлшегінің дұрыс атауын табулары керек болған еді.

Солардың арасында көптеген тапсырмаларға дұрыс жауап беріп, сонымен бірге белсенділік танытқан Айтуар Төлен жеңімпаз атанды.

Айтуар Мақсатұлы «Богатырь Көмір» ЖШС-де 2023 жылдың қаңтарынан бастап Орталық сақтау базасы Богатырь филиалының жүк тиеуішінің жүргізушісі болып еңбек етуде.
- «Богатырь Көмір» ЖШС инстаграмдағы парақшасынан осы сайыс туралы байқап
қалдым. Күн сайын сағат 16.00-де жаңа посттар шығатынын көріп жүрдім. Қызықты, бірегей сайыс. Бейнеленген сурет бойынша дұрыс жауап табу қызықты болды. Дұрыс жауап таба алмаған кезім болды, өйткені Google ескі техникаларды көрсетті. Өзім табуға бар білгенімді салдым, егер біреулер менің алдымда жауап беріп қойса, мен толығырақ жауап беруге тырыстым - дегенді айтты Айтуар сайыс туралы.

Сол еңбегінің арқасында ол сайыс жеңімпазы атанып, өзіне тиесілі жүлдесін алды. Құттықтаймыз!


Жаңалықтар тізіміне оралу