Ойын алаңшасындағы шайқас
08.02.2025
Бүгін, ақпанның 8-де «Богатырь Көмір»ЖШС-нің спорттық-сауықтыру кешенінде волейболдан кезекті жарыс өткізілді. Оған «Богатырь» кенішінің учаскелерінің 5 командасы қатысса, олар екі топқа бөлініп мықтыларын анықтасты.
Жеребе қорытындысы бойынша І топқа Теміржол және Аршу кешендері, ІІ топқа ККЖ (көтергіш-көлік жабдықтары), ТЖЖЦ (тау-кен жабдықтарын жөндеу цехы) және ЦТТ (циклдік-толассыз технология) учаскелері біріктірілді .
Жарыс қызықты және тартысты өтті. Әр команда шамаларына қарай тырысып бақты. Топтық ойындар нәтижесі бойынша финалдық кездесуге Теміржол кешені мен ККЖ учаскесі жолдама алды. Бұл екеуінің арасындағы ойын тағдыры соңғы партияда шешілді. Оның өзінде екі команда бір-бірін алысқа ұзатпады, кей кезде тең түсіп жатты. Дегенмен, соңғы сәтте Теміржол кешені командасы ойыншылары өз жинақылықтарын байқатып жеңіске қол жеткізді.
Турнир қорытындысы бойынша жүлдегер командалар орындарды былай бөлісті:
1 орын – Теміржол кешені
2 орын – ККЖ (көтергіш-көлік жабдықтары) учаскесі
3 орын – ТЖЖЦ (тау-кен жабдықтарын жөндеу цехы) учаскесі