Ең алдымен-қауіпсіздік
06.02.2025
«Богатырь Көмір» компаниясының мақсаты — Нөлдік жарақаттану. Бұл туралы құрылымдық бөлімшелердің басшыларына компанияның бас директоры Қайрат Рғайбек өндірістік қауіпсіздік жөніндегі өткен кеңесте еске салды.
Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі директор Төлеген Максилов 2024 жылдың қорытындысы бойынша және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы есеп берді. Оның айтуынша, кәсіпорында «Қауіпсіз өндіріс» ААЖ, автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесі сияқты қауіп-қатерді төмендетудің жаңа әдістері енгізілуде. Автобустарда бейнетіркегіштерді орнату, ЦТТ және Энергиямен жабдықтау дирекциясының нысандарында кернеуді бұғаттау жүйелерін енгізу, өндірістік учаскелерге қосымша заманауи бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда.
Жиын қорытындысы бойынша Қайрат Рғайбек бірқатар тапсырмалар берді:
• Мердігерлік ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейту, оларды тексеру кестесін жасау;
• Қауіпсіздік бақылауының жаңа цифрлық құралдарын енгізу, оның ішінде «Қауіпсіз өндіріс» ААЖ және зияткерлік бейнеталдау жүйесін енгізу;
• «Нөлдік жарақаттануға қарай 5 қадам» тұжырымдамасын енгізу бойынша шаралар әзірлеу;
• Автобустарда бейнетіркегіштер мен карьерлерде діңгекті бейнекамераларын орнату;
• Қорғаныс бұғаттау жүйесін (LOTO) енгізу;
• Жұмыс орындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға басшылардың жауапкершілігін күшейту.
Сонымен қатар жиын барысында өндірістік қауіпсіздік бойынша үшінші форумды өткізу туралы және басқа да бірқатар тапсырмаларға қатысты шешімдер қабылданды.