Кенші-джитсер

05.02.2025

Джиу-джитсудан өткен жарыста «Богатырь Көмір» ЖШС-нің спортшысы күміс жүлде иеленді! 1-2 ақпан күндері Қарағанды қаласында Karaganda BJJ Open Championship - Winter 2025 турнирі өтті.

Бұл беделді жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 1622 спортшы қатысты. Олардың қатарында біздің әріптесіміз, «Богатырская» ЖҚД бастығының орынбасары Максим Мартыненко да бар.
Максим 77 кг салмақ дәрежесінде күлгін белбеу иегерлері арасында белдесіп, күміс медаль жеңіп алды!
Әріптесімізді тамаша нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен спортта үлкен жетістіктер тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу