Теміржолшылар волейболдан жарысты
01.02.2025
Бүгін, 1 ақпанда Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасы учаскелерінің командалары арасында волейболдан жарыс өткізілді.
Ойындар тартысты өтіп, бәсекелестік жоғары болды! Командалар тамаша дайындық деңгейін және жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Жүлдегерлер қатарынан мына командалар көрінді:
1 орын – «Ударная» станциясы
2 орын – «Ударная» ЖҚД
3 орын – Жол шаруашылығы
Жеңімпаз атанған және жүлдегерлер қатарынан көрінген командаларды құттықтаймыз, сонымен бірге барлық қатысушыларға қызықты матчтар мен жеңіске деген ерік-жігерлері үшін алғыс айтамыз!
Волейболдан өтетін келесі жарыстарда сіздерді күтеміз:
8 ақпан – «Богатырь» кенішінің учаскелері арасында
16 ақпан – ТЖЖЖД, ТКБ, ТКЖЖ зауыты, Автобаза және ЭД командалары арасында
Әріптестеріңізді қолдап, сүйікті командаларыңызға жанкүйер болуға келіңіздер!