Мердігер тасымалдаушылармен кездесу

31.01.2025

Қызметкерлерді тасымалдауды барынша қауіпсіз ету үшін не істеу керек? Осы мәселе 29 қаңтарда Компанияға қызмет көрсететін мердігерлік ұйымдардың басшыларымен өткен кездесуде талқыланды. Онда негізгі мәселелер қаралып, ұсыныстар тыңдалып, нақты қадамдар белгіленді.

Автобаза директоры Александр Титов жылдамдық режимін қатаң сақтау, қауіпсіздік техникасы және жол қозғалысы ережелерін (ҚТ және ЖҚЕ) орындаудың маңыздылығын атап өтті.
Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор Төлеген Максилов тасымалдаушы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптарды айқындады. Олардың қатарында көлікті қауіпсіздік белдіктерімен жабдықтау, сондай-ақ жүргізушілерге ауысымға дейінгі және ауысымнан кейінгі медициналық тексерулерді тұрақты түрде жүргізу бар.
Мердігерлік ұйымдардың өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, барлық талаптардың орындалуын бақылауды күшейту бойынша міндеттемелерді өз мойындарына алды.
Қабылданған шешімдер хаттамаға енгізіліп, оларды іске асыру мерзімдері белгіленді.


Жаңалықтар тізіміне оралу