Ауылдықтарға көмек
27.01.2025
Екібастұз қаласы әкімдігінің сұрауы бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС кезекті қайырымдылық көмек жасады. Нақтырақ айтсақ Тортқұдық ауылдық округіне қарасты Бозшакөл ауылының тұрғындарына көмек қолын созды.
Бозшакөл ауылындағы қазандығы жеке сектордағы 95 үйді, екі қабатты 6 үйді және 2 әлеуметтік нысанды жылытады. Бүгінгі таңда ауылда жылу энергиясына деп бекітілген тариф қазандыққа қызмет көрсетуге жұмсалатын шығынды жаппайды. Осы мәселені шешу мақсатында Екібастұз қаласының әкімдігі демеушілік көмек ретінде 500 тонна көмірді Бозшакөл ауылының қазандығына беруді өтініпті.
Өз кезегінде Компания қазандықтың жұмысын қамтамасыз ету үшін 500 тонна көмір бөлді. Осылайша «Богатырь Көмір» ЖШС өз қызметінің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары бағалап, қайырымдылық шараларына белсенді қатысуды жалғастыруда.
Бұл көмек әсіресе қыс мезгілінде жылуға мұқтаж ауылдықтар үшін өте маңызды. Ал біздің көмір бозшакөлдіктердің өмір сапасын жайлы қылады деп сенеміз.