«Богатырь»-мен байланысқан
27.01.2025
Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Думан Жолдаспаев бүгінгі таңда Екібастұз қаласының тұрғыны және «Богатырь Көмір» ЖШС-нің қызметкері.
Нақтырақ айтсақ «Богатырь» кенішінің №3 өндіру жұмыстары учаскесінің экскаватор машинистінің көмекшісі және бүгінгі «Кеншілер қаласы» жобасының кейіпкері. Өзі жұмыс істейтін кеніш туралы ол былай дейді.
« Богатырь Көмір» - көмір өнеркәсібінің флагманы, үлкен кеніш, перспектива да көп, оның үстіне жаңа экскаваторлар».
Думан Аманкелдіұлы бүгінгі таңда 2022 жылдың соңында пайдалануға берілген шөмішінің сыйымдылығы 18 м3 болатын бір шөмішті ЭКГ-15М экскаваторында еңбек етуде. Өз ісін адал атқарып жүрген экскаватор машинисінің көмекшісі алдағы өмірін тек «Богатырь» кенішімен байланыстыруды көздеуде.