Отарбаны тізгіндеген

21.01.2025

«Кеншілер қаласы» жобасының кейіпкері  Қанат Құрманов алғаш рет «Богатырь Көмір» ЖШС-не жұмысқа 1995 жылы тұрған екен. Содан бері жұмыс орнын да, мамандығында өзгертпей еңбек етуде.

 Бастапқы 5 жылда тартқыш агрегаты машинистінің көмекшісі болып еңбек еткен, кейін машинст атанды. 14 жылдан кейін тепловозға ауысыпты.

– 2021 жылдан аға машинистпін. Біздің компанияда аға машинистер локомотивтік бригадаларды оқытып, үйретеді, олардың жұмысын ұйымдастырып, бақылайды. Бұл тоқтаусыз және апатсыз жұмыс істеуі үшін-дейді Құрманов жұмысы туралы.

30 жылға жуық бір компанияда, бір салада жүрудің себебін сұрағанымызда Қанат Болатұлы – жай ғана темір жол ұнайды – деп жауап берді. Бұның өзі мамандыққа деген сүйіпеншілікті білдіреді.


Жаңалықтар тізіміне оралу