Маңызды кездесу
17.01.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру керек делінген еді. Соның шеңберінде «Богатырь Көмір» ЖШС-де «Ашық есік күні» форматында арнайы іс-шара өтті.
Сонымен бірге «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Жол картасы» шеңберінде ұйымдастырылған кездесуге, тау-кен саласына мамандар дайындайтын
• Қ. Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты;
• Қ. Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжі;
• Екібастұз политехникалық колледжі;
• Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі – өкілдері қатысты.
Қатысушылар «Богатырь» кенішінің көру алаңшасына барып, оның жұмысымен танысты. Тау-кен жұмыстары жөніндегі инженер Ілияс Сүйіндікұлы Амангелді кеніштің тарихы, өндірілетін көмір көлемі және даму перспективасы, циклдік-толассыз технологиясы кешенінің жұмысы туралы айтып берді.
Сондай-ақ, қонақтар Оқу-курстық комбинатындағы Еңбек даңқы залына барды.
Кездесу барысында Өндірістік жүйені дамыту жөніндегі директор Нұржан Батырханұлы Батырханов кәсіпорында енгізіліп жатқан инновациялық бағдарламалар туралы ақпаратпен бөлісті. Ал Оқу-курстық комбинатының басшысы Любовь Викторовна Шарипова оқыту, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларының артықшылықтары туралы айтып берді. Жеке құрамды басқару бөлімі басшысы Оксана Владимировна Новикова жас мамандарды қолдау және ынталандыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды таныстырды.
Іс-шара қатысушылары өндіріс көлемінің ауқымдығынан үлкен әсер алып, өндірістік оқыту және әлеуметтік қолдау бағдарламаларына қатысты сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.