Білікті машинист

15.01.2025

«Кеншілер қаласы» жобасының кезекті кейіпкері тепловоз машинисі Валерий Ердяков. Кәсіпорнымызда ол 40 жылға жуық еңбек етуде. Оқып шыққан мамандығы ПЭ-2М тартқыш агрегатының машинисі болғанымен, 2012 жылы теппловозға ауысыпты.

Содан бері Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының Степной жылжымалы құрам депосында жұмыс істеп жүр.

-Ұжымымыз қалыптасқан, бізге адамдар кәсіпорында 4-5 жыл жұмыс істегеннен кейін келеді. Жүктерді тасымалдап, маневрлік жұмыстар жүргіземіз. Вагондарды көмір артуға дайындаймыз. Бізге берілген тапсырмалардың бәрін орындаймыз –дейді Валерий Васильевич өзінің жұмысы туралы.


Жаңалықтар тізіміне оралу