Жаңа жылдағы алғашқы жеңіс
14.01.2025
«Богатырлық» спортшылар жаңа жылды жаңа жеңістермен бастады.
2025 жылдың 12 қаңтарында «Жасыбай» БЖСМ-нің спорттық залында шағын футболдан МasterСup Ekibastuz-2025 турнирі өтті.
Оған 35 + жас санатындағы аяқдопшылардан құралған «Богатырь Көмір», «Сақшы», «Құлагер», «Ақкөл», «Жасыбай 2015» және «Достар» командалары қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар былай бөлінді:
1 орын – «Богатырь Көмір»
2 орын – «Достар»
3 орын – «Жасыбай 2015»
Біздің әріптесіміз Алмас Қасенов турнирдің бағалы ойыншысы атанды.
Аяқдопшыларымызды тамаша жеңіспен құттықтаймыз! Футболшыларымыз жаңа жылды керемет бастап отыр! Алдағы уақытта да табыстар, жаңа рекордтар мен жарқын жетістіктер көп болсын деп тілейміз.