Жаңа жылмен құттықтады
30.12.2024
2024 жылдың соңғы дүйсенбісінде құрылымдық бөлімшелерде жұмысқа келген қызметкерлерді тосын сый күтіп тұрды. Оларды Аяз ата мен Қарша қыз қарсы алып, жаңа жыл мерекесімен құттықтап, игі тілектерін білдірді.
Әрине, әр қызметкерге тәтті сыйлықтар таратылды. Бұл ерекше жылулық пен мейірім шуағын сыйлады. Жұмыс күні осындай мерекелік іс-шарамен басталды және бұл мерекелік көңіл-күй әр қызметкердің бойына тарап, өтіп бара жатқан жылдың соңғы екі күнін қуанышты жағдайда өткізеді деп сенеміз. Бұдан басқа осындай шаралар қызметкерлер арасындағы достық қарым-қатынасты, ынытмақтастықты нығайтуға септігін тигізеді.
Жаңа 2025 жыл құтты болсын! Жаңа жыл баршаға қуаныш, молшылық пен игілік әкелсін!