Әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жақсаруда

28.12.2024

2024 жылы Құрылыс дирекциясының бақылауымен қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.Еңбеккерлерге қолайлы жағдай жасау – өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды кепілі.

 Бұл ретте киініп-шешінетін орындарды, ас ішетін бөлмелерді жаңарту жұмыстары жүзеге асырылды.

Кеншілердің қауіпсіз әрі жайлы жағдайда еңбек етуін қамтамасыз ету – Компанияның негізгі міндеттерінің бірі. Күрделі құрылыс дирекциясы қызметкерлердің қажеттіліктерін ескере отырып, әр жобаны тыңғылықты дайындады және оны сапалы орындауға барын салды.

Жұмыс орындары талапқа сай болғанда және еңбек жағдайы жақсартылғанда, кеншілер өздерін сенімді сезініп, алаңсыз еңбек ете алады. Құрылыс дирекциясының жемісті жұмысы – Компанияның табысты қызметінің негізі деп білеміз.

Келе жатқан 2025 жылы жоспарланған жұмыстар іске асып, «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерінің жұмыс орындары жақсарып, жайлы бола берсін!


Жаңалықтар тізіміне оралу