«Қысқы қиялдар» көрмесі
27.12.2024
Жыл нышаны, көңілді аққалалар, қысқы ойындар мен жаңа жыл ғажайыптары Екібастұз қаласының балалар көркемсурет мектебі жас суретшілерінің туындыларында суреттелген.
«Қысқы қиялдар» сурет көрмесі кәсіпорынның бас кеңсесі мен «Богатырь» кенішінің әкімшілік-тұрмыстық корпусында өтуде.
Суреттердің авторлары – «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерінің балалары. Компания көп балалы отбасылардан шыққан балалардың шығармашылығын қолдап, көркемсурет мектебіндегі оқуларының ақысын төлейді.
Көрмеге келіп, жас таланттар жасаған мерекелік шарадан шабыт алыңыз!