Жаңа жылдық безендірудің үздіктері

26.12.2024

Жаңа жыл қарсаңында «Богатырь Комир» ЖШС-де үй-жайларды ең үздік жаңа жылдық безендіруге арналған корпоративтік байқау өтті. Байқаудың мақсаты – ұжымды біріктіру, жұмыс орындарында мерекелік атмосфера құру және қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін ашу болды.

Қатысуға ниет білдірушілер саны көп болды. Жалпы тақырыпқа қарамастан, әр безендірудің өзіндік ерекшелігі бар. Жұмыс кабинеттері мен бөлмелері бірегей стильде жарқырап тұрды, ал келе жатқан жылдың символы – Жылан – көптеген әшекейлердің бір бөлігіне айналды. Кейбір жерлерде тіпті жаңа жылдық шыршалар да орнатылды.

Міне, байқау өз мәресіне жетті! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

I орын – Құрылыс-жөндеу жұмыстары учаскесі, КҚД

II орын – №224 кабинет, Еңбекақы төлеу және еңбекті ұйымдастыру бөлімі, ЖҚ және ӘСД

III орын – Жоспарлау бөлімі, Коммерциялық дирекция

Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға белсенділік, креативті көзқарас пен мерекелік көңіл-күй үшін алғысымызды білдіреміз! Жаңа 2025 жыл құтты болсын!