Өнерлі кеншілер

26.12.2024

Компаниямыздың ең көңілді және ән мен сазға әуестігі бар қызметкерлері «Музлото» музыкалық кешіне қатысты. Барлық қатысушылар тамаша көңіл-күйге бөленіп, достыққа толы бәсекелестік ойынның әсерлі өтуіне белсенді атсалысты.

Әр команда шығармашылықтарымен, музыкалық хиттерге келгенде білімпаздықтарымен және ерекше ынта-жігерлерімен көзге түсті. Қатысушылардың барлығына алғыс айтамыз, енді ең басты жаңалықтар жөнінде!

Бірінші орынды және «Музлото» чемпиондары атағын Техникалық дирекцияның өнерлі қыздары – «ОТКашки очаровашки» командасы иеленді. Олардың энергиясы мен харизмасы барлығын баурап алды!

Екінші орын Қаржы дирекциясының «Позитивный финик» командасына бұйырды. Жеңіс үшін тек бір ұпай жетпей, нағыз командалық рух пен бірлікті көрсете білді.

Үшінші орынды бірден екі команда бөлісті: Богатырь ЖКБ-ның «ОПГ» және Бухгалтерияның «Элита счетов» командалары. Олардың таланттары, ұйымшылдықтары және музыкалық білімдарлықтары қошеметке лайық!

Біз компаниямызда осындай белсенді, шығармашылыққа толы және көңілдері жайдарлы адамдардың жұмыс істейтінін мақтан етеміз! Алда тағы да жарқын корпоративтік шаралар күтіп тұр – жаңа кездесулерге дейін!


Жаңалықтар тізіміне оралу