25.12.2024
Бүгін Екібастұз көмір кен орнына 70 жыл толды. Дәл осы күні 1954 жылы экскаватор машинисі Николай Колотев теміржол құрамына алғашқы тонна көмірді артты. Осыдан Екібастұз көмір алабы мен қаламыздың ауқымды дамуының даңқты тарихы басталды.
Техника мен технология өзгерді, өндіріс көлемі өсті. Бірнеше ондаған жылдар ішінде кен орнында 3 миллиард тоннадан астам көмір өндірілді. Бүгінгі таңда кен орны Қазақстан мен Ресейдің ондаған энергетикалық станциялары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарын қатты отынмен қамтамасыз етуде.
Мұның артында адамдардың, тау-кен ісінің кәсіпқойларының зор еңбегі жатыр.
Құрметті көмір өнеркәсібінің кеншілері мен ардагерлері, сіздердің арқаларыңызда Екібастұз туралы Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де біледі. Сіздердің қолдарыңызбен біздің керемет қаламыз салынды. Бұл 70 жылдық даңқты тарих-сіздердің жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіздің тарихы. Алда әлі де көп табысты жылдар болсын, еңбек батырларының жеңістері жаңа жетістіктерге жетелесін.
Мерекелеріңіз құтты болсын! Екібастұз көмір кен орнының 70 жылдығымен!