Балаларға арналған жаңа жылдық мереке

24.12.2024

23 және 24 желтоқсан күндері «Өнер» ҚМС-да «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізілді. Екі күн бойы мәдениет сарайының ұжымдары олар үшін өнер көрсетті.

Үлкен залға жиналған кішкентай көрермендер «Тәттілер патшалығы» деген театрландырылған қойылымды тамашалады. Сахна ертегі қалашығындай безендіріліпті, қойылымға қатысқан өнерпаздарымыз ән айтып, би билеп әр баланы ғажайып пен сиқырлық әлеміне саяхат жасатты.

Одан кейін балалар үшін жаңа жылдық мерекелік шара ұйымдастырылды. Аяз ата мен Қарша қыз бастаған ертегі кейіпкерлері балаларымызға ұмытылмас көңіл-күй мен ертегі естеліктерін сыйлады. Мерекеге сай балалар түрлі жаңа жылдық костюмдер киген екен. Энергиямен жабдықтау дирекциясының инженері Мария Соловьева кішкентай қызы Эмилияны гном қылып киіндіріп әкелсе, осы басқарманың бас инженері Валерий Гончаровтың Кирсан және Руслан деген ұлдары тасбақа-ниндзя, Аяз ата болып киініп келді. Шара барысында әр балаға көңіл бөлінді. Тақпақ айтып сыйлық алғандар да болды.

Жаңа жылды әр бала ерекше күтеді, бұл мереке оларға қуаныш пен шаттық сыйлайды. Жаңа жыл құтты болсын!


Жаңалықтар тізіміне оралу