Энергетиктер құрметтелді

21.12.2024

Желтоқсанның үшінші жексенбісінде елімізде Энергетик күні аталып өтілді. Осыған орай «Богатырь Көмір» ЖШС-нің 18 қызметкері маңдай терлерінің арқасында жоғары марапаттарға ие болды.

Соның ішінде «Богатырь» кеніші Темір жол кешенінің №1 электрификациялау учаскесінің электромонтері Укебай Шингишев «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісімен, Богатырь ЖКБ қосалқы кешенінің Богатырь цехы №1 электрификациялау учаскесінің электромонтері Григорий Куриленко «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Құрмет грамотасымен, «Богатырь» кеніші Темір жол кешенінің №1 электрификациялау учаскесінің электромонтері Сергей Козлов Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының «Eңбегі сіңген энергетик» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен бірге осы қауымдастықтың Құрмет грамотасы Энергиямен жабдықтау дирекциясының Солтүстік кешені электрмен жабдықтау учаскесінің электромонтері Маргарита Марюхинаға табысталды. Бұл әріптестеріміз өз марапаттарын Астана қаласына барып алып келді.

Өз еңбектерімен көзге түсіп, лайықты марапаттарын алған әріптестерімізді құттықтаймыз.


Жаңалықтар тізіміне оралу