Ардагер балуан
18.12.2024
«Богатырь» кенішінің теміржол кранының машинисті Теңдік Сильев Қарағандының 90 жылдығына арналған ашық қалалық турнирінде тамаша жеңіске жетті!
Аталмыш турнирге еліміздің барлық облыстарынан 200-ге жуық спортшы жиналды. Теңдік Қазақстанның барлық өңірлерінен келген қатысушылар арасында күрестің үш түрі бойынша — қазақ күресі, дзюдо және самбодан жарысты және 60 жастан жоғары санатындағылар арасында белдесіп қарсылас шыдатпады.
«Мен бірінші орын алу үшін бар күшімді салдым. Богатырь менің осы сапарымның жол шығынын толығымен төледі, ол үшін мен компанияға өте ризамын. Мен қарқынды жаттығып, салмаққа сай болу үшін 4 келіге дейін салмақ түсірдім және өзіме деген сенімділікті сезіндім», - деп бөлісті Теңдік.
Турнир тек спорттық іс-шара ғана емес, сонымен қатар нағыз мереке болды. Қатысушылар үшін шеру, ал жарыстан кейін үлкен залда банкет ұйымдастырылды, онда әндер шырқалып, алғыс сөздер айтылды.
Бұл жарысқа Екібастұздан Теңдік жалғыз қатысты және оның табандылығы, күші мен жігері оны жеңімпаз етті. Теңдік Сильевті лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Спортта және жұмыста одан да жоғары жетістіктер тілейміз!