Геологтан бастаған
13.12.2024
«Бұл сізбен біздің ғұмырнамамыз» жобасының кезекті кейіпкері Владимир Петрович Кривуля. Ол өзінің еңбек жолын 1976 жылы Горький атындағы Харьков мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін бүкілодақтық бөлініс бойынша Екібастұзға келіп «Богатырь» кенішінде бастады.
Жас маман учаскелік геолог болып жұмысқа кірісті. Еңбек еткен жылдары ол тау-кен шеберінен ауысым бастығына дейін көтерілді. Оның жауапкершілігі экскаваторлардың, учаскелердің және кеніштің барлық бөлімдері жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету және өндірудің барлық негізгі процестерін қамтыды.
«Біз жұмыс деп, ұжым болып өмір сүрдік. Әр мереке немесе сенбілік бізді біріктіретін нағыз оқиғаға айналды. Ең бастысы — біз бір-бірімізден үйреніп, жастарды шабыттандырдық», - деп еске алады ол.
Екібастұз көмір кен орнының құрдасы, «Богатырь Көмір» ЖШС ардагері Владимир Петрович Кривуля кәсіпорын табысының кепілі мықты ұжым екеніне сенімді. Ол «Богатырьдың» қазіргі жұмысшыларына командалық бірлік пен рухтың осы дәстүрін сақтауды тілейді!