Қайырымдылық-игі іс
10.12.2024
Адамзаттың игі қасиеттерінің бірі – қайырымдылық. Бұл сауапты істің аз-көптігі де жоқ. «Богатырь Көмір» ЖШС әлеуметтік жауапкершілігі мол Компания ретінде дәстүрлі діни мекемелерге қайырымдылық көмегін тұрақты түрде көрсетіп тұрады.
Ақтоғай ауылындағы «Жандарбек» мешітіне 80 тонна көмір қайырымдылық көмек ретінде берілді. Богатырьлық отынмен қысқы мезгілде жалпы ауданы 1121 м2 болатын мешіт, асхана, медресе және тұрғын үй жылытылатын болады.
Осыған байланысты мешіт имамы Ахметолла Қожахметов атқарылған игі іске өзінің ризашылығын былай деп білдірді: «Қайырымдылық көмек ретінде жылда көмір аламыз.
Былтырғы бергені жылыту маусымына дәл жетті. Биыл 80 т. көмір берілді. Рақмет. Мешітімізге жайлы жағдай жасағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Алланың үйіне-қайырымдылық жасағанға жетері жоқ қой. Ол есесімен қайтсын деген тілек айтамыз»
Қыстың ызғарлы аязды күндерінде аталмыш мешіт жылы болып, құлшылық жасаушылардың жүрегіне мейірімділік ұяласын.