Кәсіпорын еңбеккерлері жүзуден жарысты
08.12.2024
Бүгін, желтоқсанның 8-де №10 орта мектеп хауызында Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған Компания қызметкерлері арасында жүзуден жарыс өтті. Оған шамамен 80 кенші қатысты. Көпшілігі 30-50 жас аралығындағы қызметкерлер болды.
Барлық қатысушыларға 25 метр қашықтықты жүзіп өту керек болды. Ер адамдар кроль әдісімен, ал әйелдер негізінен брасс әдісімен жүзді.
18-29 жас аралығындағы ерлер арасында Ринат Тукаев рекордтық 12,92 секунд нәтижемен жеңімпаз атанды. Ал осы жас санатындағы әйелдер арасында жеңісті Сандина Оздоева иеленді.
30-39 жас аралығындағы ерлер арасында ең жылдам Сергей Щербина болды, ал әйелдер арасында бірінші орынды Арай Ибрайханова алды.
40-49 жас аралығындағы ерлер арасында үздік жүзгіш Артем Иконников атанса, әйелдер арасында Светлана Задорина жеңімпаз болды.
Сондай-ақ жарысқа 50 жастан асқан 15 кенші қатысты. Олардың ішінде Нұрлан Мұқашев 15 секундта мәреге жетіп, бірінші орынды иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, тамаша физикалық форма және спортта одан әрі табыстар тілейміз!