Еріктілерге сый-құрмет жасалды
07.12.2024
5 желтоқсанда Халықаралық волонтерлар күні аталып өтілді. Атаулы күнге байланысты «Екібастұз» іздестіру-гуманитарлық жасағының еріктілері «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас кеңсесіне жиналды. Осында оларды жеке құрам және әлеуметтік саясат дирекциясы басшысының орынбасары Наталья Трофимова құттықтады.
-Сіздер хабар-ошарсыз кеткендерді іздеуге қатысасыздар, мұқтаж жандарға
көмектесесіздер. Бұл психологиялық төзімділікті талап ететін үлкен іс. Осындай еріктілер қозғалысы біздің қаламызда бары және оның жұмысына біздің кәсіпорын қызметкерлері атсалысатыны қуантады. Игі істеріңіз үшін алғыс айтып, ризашылығымызды білдіреміз! - деп атап өтті өз құттықтауында Наталья Михайловна.
Біріккен жастар қозғалысының мүшелері осы «Екібастұз» жасағының құрамында түрлі іздестіру, қайырымдылық шараларына белсенді қатысуда. Осы күні жасақ басшыларына мен белсенділеріне алғыс хаттар, сыйлық сертификаттары табысталды.
Өз кезегінде «Екібастұз» ІГЖ басшысы Анатолий Козлов, үйлестірушісі Анастасия Мухтыбаева «Богатырь Көмір» серіктестігіне қолдаулары үшін ризашылығын білдіріп, еріктілерге күші, сабырлылық, табыс тіледі.