13 миллион теңгеден айырылды
05.12.2024
Екібастұз полицейлері «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлеріне қаскүнемдер күн сайын ойлап табатын алдаудың жаңа схемалары туралы айтып, алаяқтарға қарсы тұрудың басты әдісі — қырағылық екенін еске салды!
- Бейтаныс адамдардан қоңырау шалғанда абай болыңыздар. Өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының немесе басқа ұйымдардың қызметкерлеріміз деп таныстыратын бейтаныс адамдарға сенбеңіздер.
- Аға буынға кез-келген ақша операциялары тек банк бөлімшелерінде және жақын адамдарымен келісім бойынша жүргізілуі керек екенін түсіндіріңіздер.
- Естеріңізде болсын: ешкім сіздің жеке деректеріңізді немесе банк карталарының деректемелерін телефон арқылы немесе интернет арқылы талап етуге құқылы емес.
Статистика алаңдатады. Биыл «Богатырь Көмір» ЖШС-нің 7 қызметкері интернет-алаяқтықтың құрбаны болды. Келтірілген жалпы шығын көлемі 13 миллион теңгеден асты!
Бұл туралы туған-туыстарыңызбен, достарыңызбен және әріптестеріңізбен сөйлесіңіздер. Алаяқтық схемалар туралы неғұрлым көп адамдар білсе, қаскүнемдердің мүмкіндіктері соғұрлым аз болады.
Өзіңізді және қаржыңызды қорғаңыз!