Жүргізуші-таэквондошы

01.12.2024

Спорттағы кезекті жетістіктерімен компанияның спортшылары қуантты.

25-28 қараша аралығында Семей қаласында таэквондодан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. №3 АКЦ-ның автокөлік жүргізушісі Владимир Септ осы жарысқа қатысып, жалпы командалық спаррингте I орынды және жеке есепте III орынды иеленді.

Владимир ҚР спорт шебері, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері. Құттықтаймыз! Спортта одан әрі табыс тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу