Нәзік инженер
29.11.2024
«Богатырь» кеніші Технологиялық қызметінің тау-кен жұмыстары жөніндегі инженері Калия Әмірбекова «Кеншілер қаласы» жобасының кейіпкері. Аздаған еңбек жолына қарамастан Калия Серікқызы білмегенін үйреніп, кездескен қиындықтарды сүрінбей өткен.
Технологиялық үдерістерді дайындап, жұмыстың сапалы және қауіпсіз жүруін бақылау, ауысымның атқаратын жұмыстарын белгілейтін технологтың қызметіне қойылатын басты талап-ұқыптылық, жауапкершілік.
Калия Әмірбекованың осы мамандықты таңдауына әкесі себепкер болған екен. Оқып жүргенде жұмыс істей аламын ба, жұмыс ұнамайтын шығар деген күмән болғанын да жасырмады. Бірақ, оның бәрі бүгінде артта қалды. Әкесінің таңдаған мамандығының арқасында өмірде өзінің сүйікті жұмысын тапты.