ТЖ-ға дайындық пысықталды
28.11.2024
Электр қозғалтқышындағы өрт және қызметкердің ашық сынық алуы ықтимал қауіптерге қызметкерлердің дайындығын тексеруге бағытталған апатқа қарсы дабылдың басты сынақтарына айналды. Оқиғалар 27 қарашада «Богатырь» кенішінің циклдік-толассыз технологисының (ЦТТ) №1 ұсақтау–тиеу пунктінің учаскесінде өрбіді.
Қауіп-қатер дабылы ЦТТ қызметкерлеріне аңдаусыз болмады. Олар төтенше жағдайды жою жоспарына сәйкес, «өртке» тез әрекет етті. Алайда, мемлекеттік емес өрт сөндіру бөлімі көмекке сәл кешігіп келді.
Бұл жолы алғашқы көмек көрсетуді пысықтауға ерекше назар аударылды. Ал ЦТТ қызметкерлері дәрігерлер келгенге дейін жұмыс орнында жарақат алған әріптесіне көмектесуге дайын екенін көрсетті. Іс-шара нәтижесі бойынша АҚ және ЕҚ басқармасының өкілдері аралық қорытынды жасады. «Богатырь» кенішінің басшылығына ұсыныстармен толық талдау жақын арада жіберілетін болады.