Перспективті кадрлар
27.11.2024
24 жастағы «Степная» ЖҚД тепловоз машинисті Евгений Сизов «Богатырь Көмір» ЖШС-не 2021 жылы келді. Оның кәсіби жолы машинистің көмекшісі болып жұмыс істеуден басталды. Кейін ол оқудан өтіп, бір жыл бұрын машинист болып қызметін бастады.
Алғашқы күндерден бастап ол керемет нәтижелер көрсетуде.
Кәсіби шеберлік байқауында Евгений 3 минутқа жетер-жетпес уақыттың ішінде барлық 50 сұраққа бір қатесіз жауап беріп, жақсы әсер қалдырды.
- Бастық айтатын: «Бар үмітіміз сенде. Барлығы саған қарап тұр». Әріптестер жігерлендірді. Компанияның материалдарын ғана емес, сонымен қатар көптеген мамандандырылған әдебиеттер бар өзімнің кітапханамды қолдана отырып мұқият дайындалдым, — деп Евгений өзінің сәттілік рецептімен бөлісті.
Ол үшін мамандық таңдау айқын болды. Атасы КСРО кезінде ЖПҚ-да машинист болып жұмыс істеген, әкесі, «Богатырь» қызметкері, тек басқа мамандық бойынша, ұлын отбасылық дәстүрді жалғастыруға шабыттандырған.
- Әкем айтты: Техникалар бойынша мен саған бәрін айтамын, бірақ тепловоз — бұл басқа мәселе. Онда өзгешеліктер бар». Техникаға деген сүйіспеншілік пен күрделі жүйелерді түсінуге деген ұмтылыс шешуші факторларға айналды, - деп жас кенші өзінің мамандық таңдауын дәлелдеді.
Ол әр ауысымның өзіндік ерекшелігі бар екенін және мұнда күнделікті қайталанатын жұмысқа орын жоқ екенін ерекше ұнататынын мойындайды. Машинистің жұмысы назар аударуды, тез шешім қабылдауды және стандартты емес жағдайлардан шығудың жолдарын табуды талап етеді. Мысалы, Евгений ақаулықтарды өз бетімен жою керек па немесе локомотивті депоға апару керек па жайлы шешімдер қабылдайтын. Ол үшін бұл әрқашан құнды тәжірибе және жаңа сынақ.
Технологияның дамуына және автоматтандырылған жүйелердің пайда болуына қарамастан, Евгений машинист мамандығы сұранысқа ие болатынына сенімді.
- Тіпті робот тартқыштар да техникалық қызмет көрсетуді және дұрыс пайдалануды қажет етеді, — деп бөліседі ол өз уәжімен.
Болашақта Евгений жоғары білім алуды және, мүмкін, басшылық қызметке орналасуды жоспарлап отыр. Алайда, ол мансаптық өсуге асықпайды.
- Қазір өзімнің мамандығым және жалақым мені қанағаттандырады. Мен бала кезімнен машинист болуды армандадым, әкеммен қозғалтқыштарды бөлшектеп, техникамен таныстым, - дейді Евгений.
Ол өз таңдауын мақтан тұтады және қиындықтарды жеңу мен үнемі алға жылжуды біріктіретін мамандықта дамуға тырысады. Евгений сияқты жас мамандар жұмысшы мамандықтары жоғары технологиялар дәуірінде де маңызды және қажет болып қала беретінін көрсетеді.