Қауіпсіздік ең маңыздысы
26.11.2024
Бүгін, 26 қараша күні, Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау басқармасы жұмысшы мамандықтарының қызметкерлерімен ашық диалогты жалғастырды. Мұндай іс-шаралар инженерлік-техникалық қызметкерлерінің қатысуынсыз өтеді, бұл еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы маңызды мәселелерді талқылауға қолайлы атмосфера құруға мүмкіндік береді.
Коммерциялық дирекциясының орталық сақтау базасы учаскесінің қызметкерлерімен кездесуде Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау басқармасының басқарушы директорының орынбасары Наталья Катышкина - жұмыс орындарын аттестаттау және кәсіби тәуекелдерді бағалау; Volvo автобустарында қауіпсіздік белдіктерін және жанармай құю кезінде монтаждық белдіктерді пайдалану қажеттілігін; база аумағындағы жолдардың жағдайы және қауіпсіз қозғалыс бағыттарын қамтамасыз ету- мәселелерін талқылады.
Көтерілген мәселелерге толық жауаптар беріліп, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша нақты шешімдер ұсынылды.
Кездесуге қатысушыларға сондай-ақ қауіпсіздік ережелері: жеке өқорғаныш құралдарын пайдалану және тексеру; апаттық жағдайларда әрекет ету; жабдықпен жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау маңыздылығы еске салынды.
Мұндай кездесулер қауіпсіздік мәдениетін нығайтып, мәселелерді жедел шешуге және еңбек ету үшін жайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.