«Екі жұлдыз» қайырымдылық концерті

24.11.2024

Екібастұз қаласының ауыр сырқатқа шалдыққан балаларына көмек көрсету мақсатында бүгін «Өнер» қалалық мәдениет сарайында «Екі жұлдыз» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жобаның негізгі ұйымдастырушысы – қаламыздың Іскер әйелдер қауымдастығы.

Қайырымдылық шараның мақсаты – он бір жасар Малика Танабаева мен төрт жасар Амина Сүлейменнің емделуіне қаражат жинау.

Жобаға танымал әншілер, кәсіпкерлер, қала кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты. «Богатырь Көмір» ЖШС атынан автобаза жүргізушісі Дархан Төлеубаев  Эльмира Төлеубаевамен дуэт болып өнер көрсетті.

Айта кету керек, Екібастұз тұрғындары бұл жобаға көрермен ретінде белсенді қатысты, тіпті балконда да бос орын қалған жоқ. Билеттерді сатудан түскен барлық қаражат, сондай-ақ концерт барысында жиналған қаржы қыздардың ата-аналарына табысталды.

Бұл игі іске «Богатырь Көмір» компаниясы айтарлықтай үлес қосып, Малика мен Аминаның емделуіне 2 миллион теңге аударды.Онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша Дархан Төлеубаев өнер көрсеткен дуэт екінші дәрежелі дипломға ие болды.


Жаңалықтар тізіміне оралу