Аяқдопшылар жарысы мәресіне жетті
23.11.2024
Бүгін, қарашаның 23-де «Богатырь Көмір» ЖШС-нің спорттық-сауықтыру кешенінде құрылымдық бөлімшелердің учаскелері арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Оған қатысқан 6 команда, екі топқа бөлініп ойындарын бастады.
«А» тобында «Технологиялық көлік басқармасы» (ТКБ), «ТКБ Пит-Стоп», «Тау-кен-көліктік жабдықтарын жөндеу (ТКЖЖ) зауыты», «Б» тобында «Біріккен жастар қозғалысы» (БЖҚ), «№1 автокөліктік цех» (№1 АКЦ), «Темір жол жабдықтарын жөндеу дирекциясы» (ТЖЖЖД) командалары ойнады.
Топтық ойындар нәтижесі бойынша «ТКБ» және «ТКБ Пит-Стоп» командалары финалдық ойынға жолдама алды. Тартысқа толы ақтық ойында қарсыласын жеңген «ТКБ» командасы жарыс жеңімпазы атанды, «ТКБ Пит-Стоп» командасы екінші орынға тұрақтады. Ал «ТЖЖЖД» командасы үшінші орын иегері атанды.
Осы ойындармен Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері учаскелерінің командалары арасында шағын футболдан жарыстары соңына жетті. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!