Оқу дабылы

18.11.2024

Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау басқармасы құрылымдық бөлімшелердің сыртқы және ішкі қауіп-қатерге дайындықтарын кенеттен тексеру шараларының жоспарына сай жұмыстарын жалғастыруда.

Соның аясында кезекті оқу дабылы қарашаның 15-де Энергиямен жабдықтау дирекциясының №1 жылумен сумен жабдықтау учаскесінде (қазандық) ұйымдастырылды. Оның мазмұны бойынша №4 конвейерлік таспада өрт, ал баспалдақта  жазатайым оқиға орын алған.

Осылардың салдарын жою мақсатында мемлекеттік емес өртпен күрес қызметі жұмылдырылып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлері «зардап шеккендерге» алғашқы дәрігерлік көмек берді.

Оқу дабылы кезінде №1 жылумен сумен жабдықтау учаскесінде учаскесінің қызметкерлері ішкі нормативтік құжаттарға және өздерінің лауазымдық нұсқауларына сәйкес сауатты әрекет еткен. Сонымен бірге оқиға орнына Энергиямен жабдықтау дирекциясының басшылығы да тез арада жетті.

 Өз кезегінде АҚ және ЕҚ басқармасы қызметкерлері оқу дабылы барысын, оған қатысушылардың болып жатқан жағдайға әрекет етуі және бекітілген Ережеге сай әр минут сайын атқарған қызметтерін жіті бақылады. Аталмыш жаттығулар тұрақты түрде болады деп жоспарланған.


Жаңалықтар тізіміне оралу