Әр адамға қамқорлықпен!
17.11.2024
«Богатырь Көмір» ЖШС көптеген әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Соның бірі Пандус орнату жобасы.
Елімізде «Мүгедектігі бар адамдар мен мобильділігі төмен топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, халық үшін инфрақұрылым нысандары мен қызметтердің қолжетімділігі» жөніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты бекітілген.
Инфрақұрылымдық нысандарға жету үшін мүгедектігі бар адамдар өздері тұратын көпқабатты үйлерден де кедергісіз шығып, қайта кедергісіз кіре алуы тиіс. Сол кедергілерді жоюға көмір өндіруші компания атсалысауда.
Қажетті пандусты тау-кен-көліктік жабдықтарын жөндеу зауытының металл құрылымдарын жасау учаскесі жасап шығарды. Ал оны Мәшһүр Жүсіп көшесі 52/3 мекенжайына экскаватор жөндеу цехының қызметкерлері қысқа уақыттың ішінде орнатты. Орнатылған пандус қолайлы жағдай жасап мүгедектігі бар адамдардың арбамен шығып-кіруін жеңілдетеді деп үміттенеміз.