Қауіпсіздік мәселесі талқыланы
12.11.2024
Бүгін 12 қараша күні Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау басқармасының өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры Төлеген Максилов құрылымдық бөлімшелердің бірі - Автобазаның жұмысшыларымен кездесу өткізді. Оның барысындабарысында қатысушылар проблемалық мәселелерді қозғады.
Бұдан басқа еңбекті қорғауды басқару жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар қаралды және алдыңғы кездесулердің қорытындылары бойынша ұсыныстардың орындалуы жөнінде ақпарат берілді. Жұмысшылар автокөлік жөндеу үшін қажетті құралдардың жетіспеушілігіне, қосалқы бөлшектерді сатып алу рәсімінің ұзақтығына, ауыз судың сапасына назар аударуды өтінді. Сондай-ақ №1 АКЦ учаскесінде жүргізушілер үшін киім ауыстыратын орындар, душ бөлмелерін ұйымдастыруды және тәуліктің қараңғы уақытында жұмыс жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстарын айтты.
Аталмыш мәселелер мен ұсыныстардың барлығын АҚ және ЕҚБ бақылауға алды. Кездесуге қатысушыларға қауіп-қатерді тіркеудің автоматтандырылған «Қауіпсіз өндіріс» жүйесінің ерекшеліктері, жүйеге белсенді қатысу кезінде мүмкін болатын көтермелеулер туралы айтылып, осы қосымшаның қалай жұмыс істейтіндігін түсіндірілді.
Сондай-ақ, қатысушыларға АҚ және ЕҚБ өндірістік қауіпсіздікке әсер ететін факторлар анықталған жағдайда жасырын түрде жүгінуге болатын сенім телефоны ашылғандығы туралы хабарланды.