«Богатырь» кенішінің үздік футболшылары
09.11.2024
9 қарашада «Богатырь Көмір» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің учаскелері арасында шағын футболдан турнир жалғасты. Бұл күні спорттық-сауықтыру кешенінде «Богатырь» кенішінің командалары жарысқа түсті.
Турнирге барлығы 7 команда қатысып, олар екі топта бақ сынасты. Бірінші топтан жартылай финалға тау-кен жабдықтарын жөндеу цехы (ТЖЖЦ) мен №2 өндіру жұмыстары учаскесінің (№2 ӨЖУ) 1-ші командасы шықса, екінші топтан бұрғылау-жару жұмыстары учаскесі (БЖЖУ) және №2 ӨЖУ-нің 2-ші командасы шықты.
Жартылай финалда қарсыластарына жол берген БЖЖУ мен 2-ӨЖУ-нің 2-ші командалары үшінші орынға таласты.
Ал Финалда ТЖЖЦ және №2 ӨЖУ-нің 1-ші командалары кездесті. Ойын өте қызықты және тартысты өтті!
Турнир нәтижелері:
3 орын — БЖЖУ
2 орын — ТЖЖЦ
1 орын — №2 ӨЖУ-нің 1-ші командасы
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға тамаша ойын мен спорттық рухы үшін алғыс айтамыз!