Өрт қауіпсіздігі пысықталды
08.11.2024
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің Азаматық қорғаныс және еңбекті қорғау басқармасы өндірістік қауіпсіздік саласындағы бақылаудың тиімділігін көтеру және жауапты мамандардың білім деңгейін жоғарылату мақсатында шаралар жоспарын дайындамақшы. Құрылымдық бөлімшелердің сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерге, оның ішінде өртке, аварияларға, оқыс оқиғаларға, денсаулығының нашарлауына, жеке құрамды оқытуға, аттестаттауға және т. б. дайындығын кенеттен тексеру жоспарда ескерілетін болады.
Осы шаралардың бірінші кезеңі аясында өртке сөндіру және медициналық қызметтері мамандары мен мамандандырылған техникалардың қатысуымен жоспардан тыс өртке қарсы оқу-жаттығулары Автобазаның №2 АКЦ-да өткізілді.
Оның барысында Автобаза аумағында өрт болып қалған жағдайда қызметкерлердің әрекеттері, жапа шеккендерге алғашқы медициналық көмек беру шаралары пысықталды.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша Автобаза басшылығының ТЖ тілсіз жаудың алдын алу бойынша ұсыныстар жасалды. Осындай оқу-жаттығулар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіледі деп көзделген.