Қағазсыз күн

06.11.2024

Күн сайын көптеген көлемде қағаздар, дәптерлер, картон қаптамалар қоқысқа лақтырылады. Бір қарасақ-қауіпсіз қалдық. Бірақ, сол қағазды жасап шығару үшін қаншама ағаш кесіледі. Ол болса жануарлардың үйренген жерлерінен басқа жерлерге көшуіне де әсер етеді.

 Бір тонна қағаз жасап шығару үшін 17 ағаш кесіледі. Жыл сайын қағаз өндірісінің артып жатқанын ескерсек, соңы экологиялық апатқа әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Сондықтан әлемнің әрбір тұрғыны қағазды үнемдеп пайдаланғаны абзал.

6 қараша - Бүкіләлемдік қағазсыз күні. Осындай ерекше экологиялық мереке 2010 жылдан бері аталып өткізіліп келеді. Әрине қағаз қолданудан мүлде бас тарту мүмкін емес. Дегенмен, бұл мереке қағазды үнемді және ұтымды пайдалануға әлем халқының назарын аудартуды көздейді.

Соңғы 20 жылда қағаз шығыны 26 пайызға көбейген, ал сол қағазды жасау үшін кесілетін ағаштың көлемі, оның табиғи қалпына келуі көлемінен бірнеше есеге көп. Сондықтан адамдар ағаштарды көптеп отырғызуы керек.

Күнделікті қағазды аз мөлшерде пайдалансақ, қоршаған ортаны ластау мөлшері де азаяды. Бұл адамның денсаулығына да әсер етеді. Әркім қағаз пайдалануды азайтып, оны үнемдесе қоршаған ортаны қорғауға өзінің үлесін қосып жатқаны.


Жаңалықтар тізіміне оралу