Төртаяқтыларға қайырымдылық көмек
03.11.2024
«Теплый дом с милашкой Сью» ЖМ-де пана тапқан үй жануарлары алдағы қыста «Богатырь» көмірімен жылытылады. Мекеме басшысы Елена Банщикова Компанияға өзінің қамқорлығына алғандармен бірге тұратын үйді жылыту үшін 10 тонна көмір бөлу туралы өтінішпен жүгінді.
Жақында ғана үй жануарларын қорғаушысына көмір апарылды және ол бұл туралы Instagram парақшасында жариялады.
«Николай Николаевичке және «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлеріне үйіме паналатып қамқорлыққа алған жануарларға қол ұшын бергендері үшін алғыс айтамын. Өмірде көбінесе адамның жәй ғана көмегі барлық материалдық игіліктерден гөрі құнды болады», - деп жазды Елена. Ол өзінің «Жылы үйінде» 9 еркек мысық, 9 ұрғашы мысық және екі ит тұратынын. Көбінесе бұл тағдыры қиын және физикалық ерекшеліктері бар жануарлар, сондықтан оларға көшеде өмір сүру өте қиын болатынын айтты.
Сіздердің үйлеріңізге жылу мен жайлылық тілейміз. Қақаған аязда да кеншілердің жұмысы мен «богатырлықтардың» жүректерінің мейірімділігі сіздерге жылу берсін.