Аяқдопшылар жарысы

02.11.2024

Қарашаның 2-де «Богатырь Көмір» ЖШС-нің спорттық-сауықтыру кешенінде Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасы учаскелерінің арасында шағын футболдан жарыс өтті. Оған қатысқан 6 команда екі топқа бөлініп ойнады.

1 топқа «Ударная» ЖҚД, «Ударная» станциясы, «Степная» ЖҚД командалары, 2 топқа «Эксплуатация» ЖҚД, «Жол шаруашылығы», «СЦБ-4» командалары енді.

Топтық ойындар нәтижесі бойынша «Ударная» станциясы және «Жол шаруашылығы» командалары үшінші орынға таласуға мүмкіндік алды. «Ударная» мен «Эусплуатация» жылжымалы құрам деполары командалары топтық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, финалдық кездесуге жолдама еншіледі.

Бұл турнирде «Ударная» ЖҚД командасының капитаны Олег Негодюк алғашқы секундтарда алаң ортасынан қарсыластар қақпасына доп енгізіп, ең жылдам голдың авторы атанды.  Ал ақтық ойындардың қорытындысына келсек, онда «Жол шаруашылығы» командасы үшінші орынға қол жеткізді. Финалда қарсыласын 2:1 есебімен жеңген «Эксплуатация» ЖҚД командасы турнир жеңімпазы атанды, «Ударная» ЖҚД командасы екінші орынға ие болды.


Жаңалықтар тізіміне оралу