Қауіпсіздік неден басталады?

01.11.2024

Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі кеңес «Богатырь» кенішінің әкімшілік тұрмыстық кешенінде өтті. Оған жұмысшылар ұжымының өкілдері, «Көшбасшылар клубының» мүшелері және кәсіпорынның техникалық инспекторлары қатысты.

Кеніш директоры Серік Саттаров қатысушыларға жыл басынан бері осы бағытта атқарылған жұмыстың қорытындылары туралы хабарлады. Ол тәуекелдерді азайтудың маңызды факторлары жеке қауіпсіздікті сақтау қажеттілігі, автокөлікте жол жүру кезінде қауіпсіздік белдіктерін пайдалану, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бұзушылықтарына деген көзқарастың өзгеруі болып табылатынын атап өтті.

Кездесуге қатысушыларды енгізілген «Қауіпсіз өндіріс» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің Ережесі туралы бас инженердің еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары Алмас Мұхамеджанов хабардар етті. Ол ААЖ-дегі бұзушылықтарды тіркеуге тікелей қатысуы тиіс техникалық инспекторлар мен Көшбасшылар клубы мүшелерінің рөлін күшейту қажеттігін атап өтті. Ескере кететіні қауіптерді анықтап, тіркеймін дегендерді ынталандыру мақсатында жүлде қоры қарастырылған.


Жаңалықтар тізіміне оралу