Жазушы мерейтойы

01.11.2024

Екібастұз өңірінің белгілі ақын, жазушысы Жұмағали Бижанұлы  «Богатырь Көмір» ЖШС-де еңбек етіп, Компанияда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге өзінің үлесін қосты. «Бұл бізбен сіздің ғұмырнамамыз» жобасының кейіпкері Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Жұмағали Қоғабай.

Қарашаның бірінде 75 жасқа келген  Жұмағали Қоғабай Ақтоғай ауданы Шұға ауылында дүниеге келген. Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алғасын Екібастұз педагогикалық училищесінде ұстаздық етіп, Павлодар облысының «Қызыл ту» газетінде жұмыс жасады. 1989-1998 жылдары аралығында Екібастұз қалалық радиосын басқарды. Ал 2000 жылы «Богатырь Аксесс Көмір» ЖШС-не құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің редакторы болып қабылданды.

Тілдер туралы заңға сүйеніп осында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді реттеп, қазақ тілі курстарын ашуға мұрындық болды. 2012 жылы «Екібастұз-жалынды жастық шақтарым» кітабын шығарды. Онда «Богатырь Көмір» компаниясында еңбек еткен адамдар туралы деректі шығармалары жарық көрді.

Компания атынан 75 жас мерейтойыңызбен құттықтаймыз, деніңізге саулық, отбасыңызға береке, шығармашылық табыс  тілейміз.


Жаңалықтар тізіміне оралу